Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде тарих пәнінің мұғалімдері мен мектеп музейінің басшыларына арналған «Туған өлке-тұнған тарих қазынам» атты музейлік семинар өтті. Семинарда өзекті мәселелер, музейдің мектептермен ынтымақтастық перспективалары талқыланды, сондай-ақ музей жобалары ұсынылды.




