Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Республика күніне орай Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде төтенше жағдай басқарманың қызметкерлері, Павлодар облысы МКҚБ 2-полиция батальоның жеке құрамы, №26 мектеп-гимназиясының 9 «ә» сынып оқушылары мен музей мамандарының қатысуымен «Бейбіт елдің көк байрағы» дөңгелек үстел өткізілді. «Тәуелсіздік символы: Қазақстан Республикасының Конституциясы. Адал қызмет ел алдындағы міндет», «Адал қызметтін кедергілері: коррупция, манипуляция және әлеуметтік факторлар», «Республика күні: өрт сөндірушілердің ерлігі мен еңбегі», «Ұлттық бірлік: Республика күнінің маңызы» тақырыптағы баяндамалар талқыланды. Сонымен қатар қос буын арасында пікір алмасып, сұрақ-жауап бөлімімен жалғасып, оқушылар арасында сауалнама жүргізілді. Дөңгелек үстел «Атамекен» әнімен аяқталды. Бейбітшілік, ынтымақ және ұлттық құндылықтарды насихаттау – біздің басты мақсатымыз!

95f63726 588b 4778 b75c ee197a45cc6e58cdef59 db5c 4310 9212 3fdda8ed01330355ed41 6a69 4195 91b9 bd1de5b62360