Кеңес Одағының батыры Иван Игнатьевич Суптелдің 105 жылдығына орай Ақсу тарихи-өлкетану музейде «Мәңгілік тағзым » атты патриоттық сағат өтті. Іс-шараға Ақсу қаласы мектеп лицейінің 10 сынып оқушылары мен алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі шақырылды. Шара барысында батырдың өмір тарихы мен ерлігі туралы мағлұмат беріліп, бейне фильм көрсетілді. Сондай-ақ, лицейдің алғашқы әскери дайындық пәні мұғаліміне сөз берілді, тақырыпқа қатысты өз ойымен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңесін айтты. Музей қорынан батырдың және соғыс жылдарындағы заттардан шағын көрме ұйымдастырылды.
«Мәңгілік тағзым» патриоттық сағат
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина