Әскери Даңқ Музейінде Қызыл Армия офицері, халық батыры Рахымжан Қошқарбаевтың 100 - жылдығына орай Берлинде Рейхстагты жеңу туын алғаш көтерген «Ол бірінші болды» атты ерлік сабағы өткізілді. Іс-шараға Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледжінің оқушылары қатысты. Ерлік сабағында балалар лейтенант Р.Қошқарбаевтың өмірімен және жауынгерлік ерліктерімен танысты. Ол туралы деректі фильм көрсетіліп, «Қазақ жігіттері», «Отан Ана» музыкалық нөмірлер орындалды.




