Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде Ақсу қаласының фотографтары жұмыстарының тұсаукесері өтті. «Менің туған жерім» атты көрмеде 60-қа жуық түрлі жанрда түсірілген фотосуреттер ұсынылған. Бұл фотосуреттер арқылы туған жердің сұлулығы мен мәдениетін танып білігу болады. «Фотосурет — бұл сәттілік, сезім мен шығармашылықтың үйлесімі» - дейді көрме ұйымдастырушысы Жұмағали Сейтенов. Көрме 16-30 қазан аралығында жұмыс істейді!




