Бүгін "Ertis" музейінде Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи – өлкетану музейінің 100 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылған Петропавл қ., Солтүстік Қазақстан облыстық музей бірлестігінің қор коллекциясынан «Ботай - Ұлы дала мәдениеті» атты көрменің салтанатты ашылуының. Көрмеде фото және видео материалдар, құрал-саймандар, керамика, рухани мақсаттағы заттар, қос тұрғын үйдің макеті, ежелгі өндірістік алаңдарды қайта құру /интерактивті аймақтар/ ұсынылған. Бұл көрмеде 42 шығармашылық және пленэрлік жұмыс ұсынылған. Экспозиция археологиялық артефактілермен, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорларынан сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдарымен толықтырылды. Көрме 8 қарашаға дейін жұмыс істейді.
«Ботай - Ұлы дала мәдениеті» көрмесі
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина