Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде көп мағына жатыр. Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Ұстаздар күніне орай музейде «Ұстаз ұлы есім» тақырыбында ұлағатты ардагер ұстаздармен кездесу өткізілді. Бүгінгі ардагер ұстаздармен кездесу кешінің қонақтары   Ақсу қаласының құрметті азаматы, 30 жылға жуық ұстаздық қызмет атқарған, саналы ұрпақ тәрбиелеп, аянбай еңбек еткен ұлы ұстаз Қондыкерова Светлана Қабидоллақызы және Май ауданының тумасы, ұстаздық жолында 40 жыл еңбек еткен, талай шәкіртті білім нәрімен сусындатқан Омышева Слубике Қайырқызы. Іс-шараға Абай атындағы ЖОББМ-нің 5-6 сынып оқушылары мен ұстазы қатысты. Ардагер ұстаздар оқушыларға өмір жолындағы қызықты оқиғаларымен бөлісіп, ақыл-кеңестерін беріп, әңгіме-сұқбат жүргізілді, қонақтармен ойындар ұйымдастырылды. Кеш соңында «Ұстазым» әні шырқалды.

IMG20241003160903IMG20241003160502IMG20241003154506