20 қыркүйекте Әскери Даңқ Музейінде «Даңқ орденінің толық кавалері Бахыт Хайдарұлы Хайдаров» тақырыбында ерлік сабағы өтті. Іс-шараға Павлодар қаласының 6679 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қатысты. Іс-шара барысында музей қызметкерлері кездесуге қатысушыларды отандастарымыз, Батыр, III дәрежелі Даңқ орденінің иегері Хайдаров Бахыт Хайдарұлының өмірі мен ерліктері туралы таныстырды, одан кейін ол туралы деректі фильм көрсетілді. Іс-шара музей экскурсиямен аяқталды.




