Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

«Табысқа жету жолы» республикалық жобасы аясында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру мақсатында Пограничник ауылында Б. Момышұлы атындағы орта мектебінде жоғары сынып оқушыларымен Қазақстанның Еңбек Ері, шахтерлер әулетінің атасы, Екібастұз қаласының Құрметті азаматы Р.Б. Әміреновпен кездесуі өтті. Кездесу барысында балалар кеншілердің еңбегі, кеншілер кәсібінің артықшылықтары, еңбек адамының жеңістері мен табыстарының қуаныштары туралы білді. Р.Б Әміренов мектепке батыр Б. Момышұлы бейнеленген кілем мен кәдесый сыйлады. Кездесуге қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы З.А. Арынов, С.К. Шлей – білім бөлімінің тәрбие секторының және бала құқықтарын қорғаудың бас маманы, Ж.М. Сейтенов – фототілші қатысыты. Қонақтар мектепке өз сыйлықтарын - қаламыздың, оның атақты адамдарының, тарихи және айтулы оқиғаларының кітаптарын, Ақсу қаласы ақындарының шығармалары жазылған жинақтарды және т.б. сыйға тартты. кездесу барысында өздері үшін, өз елі үшін еңбектің рөлі, мамандық таңдау туралы мәселелер талқыланды. Балалар музейдің жылжымалы көрмесімен танысты.

мер шк2мер шк6мер шк4