Екібастұз тарихи-өлкетан музейінде отбасы күніне орай зиялы қауым мен жастардың қатысуымен «Ұрпақ жақсысы – ұядан» атты диспут өткізілді. Шараға дін маманы (теолог) Бабажанов Ғ.Ж.; конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры – Раздықова Г.М.; Екібастұз қаласының полиция басқармасының полиция капитаны – Қатпен Ж.Қ.; Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығы, Екібастұз облысы бойынша наркология участкелік медбикесі Шаримбекова С.Қ.; діни экстремизм құрбандарын оңалту бөлімінің басшысы Байбусинова Н.С.; Павлодар облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы 2-полиция батальонының аға инспектор-психологі, полиция капитаны Муштаева Д.Р. қатысты. Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік, бақытты жанұяның моделін дайындау, Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, жанұядағы сыйластық, адамгершілік, инабаттылық, ынтымақ пен бірлік, татулық пен ұйымшылдық жөнінде ой талқыланды.
«Ұрпақ жақсысы – ұядан» диспут
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина