«Балапан» балабақшасының ұстаздары мен бүлдіршіндеріне Ата Заң туралы балалардың түсініктерін кеңейту, Отанын қорғауға, сүюге еліміздің рәміздерін қастерлеп, халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрін сақтап, Ата заңымызды құрметтеп, ұлтжандылыққа, достыққа тәрбиелеу мақсатында Конституция күніне арналған «Ата заңым ардақты!» атты тарихи сағаты өткізілді. Ата Заң бізге – адамдық қадір – қасиетімізге қол сұғылмауына, тілімізбен дініміздің дамуына, ар – ождан бостандығы құқығын қорғауға, адал еңбегімізбен тапқан мүлкімізбен меншігімізді сақтауға кепілдік берді.




