17 тамызда Қ. Сәтбаевтың 125 жылдығын тойлау аясында Баянауыл ауданы аумағында Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі Орта Азия қолөнершілер жәрмеңкесін ұйымдастыруға қатысты. Жәрмеңкеге Алматы, Қызылорда, Астана, Семей, Тараз қалаларынан, сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген шеберлер қатысты. Олар қолдан жасалған бірегей бұйымдарды ұсынды: жібек орамалдар мен киізден жасалған бұйымдарды, ағаштан және керамикалық ыдыстарды, әсем зергерлік әшекейлерді көрмеге ұсынды.





