Екібастұз тарихи – өлкетану музейі №24 мектеп-гимназиясының жанындағы лагері балаларының қатысуымен «Серафим-Иверск соборы және оның айналасы» экскурсиялық тур ұйымдастырды. Балалар православие шіркеуінің мақсатымен, архитектуралық құрылымының ерекшеліктерімен танысты. Діни қызметкері ғибадатхананың тарихымен, оның құрылымы, литургиялық ыдыстарымен таныстырды. Экскурсия балаларға көптеген жағымды эмоция сыйлауымен қатар, иконалар, шіркеудің безендірілуі ерекше әсер қалдырды, сонымен қатар өздерінің сөздік қорын байытты. Шара «Рухани tour» жоба аясында және шіркеудің іске қосылуының 25-жылдығына орай ұйымдастырылды.
«Серафим-Иверск соборы және оның айналасы» экскурсиялық тур
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина