Бүгін «Ertis» музейінде Қостанай тарихи-өлкетану музейінің қор коллекциясынан «Қылқалам құдыреті» көрмесінің ашылуы өтті. Көрме Қазақстанның Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына арналған. Әбілхан Қастеев – пейзаждарымен, портреттерімен және сюжеттік композицияларымен танымал көрнекті суретші. Өмір бойы ол Қазақстанның жетекші музейлерінде және одан тыс жерлерде сақталған бес мыңнан астам туындылар жасады. Көрмеге қостанайлық суретшілердің Н. Торшин, Г. Соков, С. Шалунова, Н. Халифаева, О. Кусков және басқалардың жұмыстары қойылды.
Көрме 7 тамызға дейін ашық болады.
«Қылқалам құдыреті» көрмесі
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина