10 шілде күні Ақсу тарихи-өлкетану музейде Абай атындағы ЖОББМ-і жанындағы лагерь оқушыларына Шорман би Күшікұлының 225-жылдығына орай «Шоң мен Шорман еді, бір-біріне қорған еді» тақырыбында танымдық сағаты өткізілді. Іс-шара барысында балалар «Әділдік жаршысы», «Жерұйық» деректі фильмідерін тамашалап, тақырыпқа қатысты мағлұматтар алды. Балалар берілген мәлімет бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы алған білімдерін бекітті.




