Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Ақсу тарихи-өлкетану музейі біздің талантты адамдарымыздың: суретшілердің, ақындардың, қолданбалы өнер шеберлерінің есімдерімен байланысты қолөнер картасын жасау бойынша жұмысты жалғастыруда. Біздің «ғажайып қобдишаның» міндеті оңай емес, бірақ оның нәтижесі Ақсу өңірінің лайықты мақтанышына айналуы мүмкін. Бүгін қызықты адаммен суретші, қолданбалы халық шығармашылығының шебері Наталья Скворцовамен кездесу өтті. Іс-шараға сыныптастары, зауыт қызметкерлері, «Триумф» изостудиясының мүшелері, суретшілер, «Мудрость» клубының ардагерлері, Ж. Мұса ат. көпсалалы колледж студенттері қатысты. Концерттік бағдарламада «Родные напевы» орыс хорының солисті Л. Борщ, көпсалалы колледжінің ұстазы Г. Иманбаева, студенті Е.Тезекбаев және «Мудрость» клубы ансамблінің орындауында «Рябина», «Твой мир», Ш. Қалдаяқов әндерінен попурри, «Ой калина», «Погода в доме», «Сок березовый» әндері шырқалды. Сондай-ақ, шебер Н.Скворцованың суреттері мен бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2024 06 19 at 16.33.35WhatsApp Image 2024 06 19 at 16.33.29 1WhatsApp Image 2024 06 19 at 16.33.44