Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Жердегі із» атты дөңгелек үстел өтті. Экономикалық колледж студенттері ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы репрессияның ауыр кезеңі туралы ақпаратпен танысты. Дөңгелек үстелге қуғын-сүргінге ұшыраған дәрігер Бәзікен Өскенбаевтың немересі Бақыт Өскенбаева қатысты.
Павлодар облысында қуғын-сүргінге ұшырағандардың фотопортреттері мен деректі анықтамалары бар көрме ұйымдастырылып, «Алаш Орда»деректі фильмі көрсетілді.

WhatsApp Image 2024 06 03 at 14.18.35WhatsApp Image 2024 06 03 at 14.18.33WhatsApp Image 2024 06 03 at 14.18.26