Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған жалпы үлгідегі Ақсу арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қамқоршыларына арнайы суретші А.Игембаевтың 70 жылығына орай «Қазақтың дала әуендері» атты шығармашылық портреті өткізілді. Іс-шара бейнематериалдар мен кітап көрмесімен және фотоматериалдармен сүйемелденіп мәліметтер берілді. Әнуар Игембаев - нәзік сезімтал портрет жанрының шебері, туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар кескіндемеші. 1981 жылдан КСРО Суретшілер Одағының мүшесі (1992 жылдан – Қазақстан Суретшілер Одағы мүшесі). 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Көркемөнер Академиясының академигі және суретшілер ассоциациясының мүшесі. 2008 жылдан ҚР Көркемөнер Академиясы экологиялық орта күзеті жөніндегі комитетінің мәдени мұра сарапшысы ретінде қызмет етеді. Астана қаласы суретшілер одағының «Құрмет» алтын төсбелгісі, «Үздік шығармашылығы үшін» медалі мен марапатталды.

WhatsApp Image 2024 05 14 at 15.23.04WhatsApp Image 2024 05 14 at 15.24.06WhatsApp Image 2024 05 14 at 15.24.27