Бүгін «Ertis» музейінде «Олардың есімдерімен көшелер аталды» жобасы аясында әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы Әлкей Хаканұлы Марғұланның 120-жылдығына орай «Әлкей Марғұлан. Ғалым мен адамның бейнесі» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға археолог, тарихшы, өлкетанушы және тарих ғылымдарының кандидаты Виктор Карлович Мерц, педагогика және психология магистрі Мужикбаева Баян Каирбаевна, №41 жалпы орта білім беретін бейіндік мектептің тарих пәні мұғалімі Кабдрасилов Мейіp Социалович және Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледжінің студенттері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында елімізде археология ғылымының қалыптасуы мен дамуы, оның қазіргі жағдайы, атақты жерлесіміздің өмір мен кәсіби жолы және қалдырған ғылыми еңбектері туралы тақырыптар талқыланды.
Шараның мәресіне қарай студенттер іс-шара қонақтарына сұрақтар қойып, облысымыздағы археологиялық экспедициялар туралы қосымша ақпараттармен танысты.
«Әлкей Марғұлан. Ғалым мен адамның бейнесі» дөңгелек үстел
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина