2024 жылдың 4 мамырында Әскери даңқ музейінде Белоруссияны фашистік басқыншылардан азат етудің 80 - жылдығына арналған еске алу кеші өтті. Іс-шараға: «Беларусь» мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, студенттер, музей қызметкерлері қатысты. Шара барысында қоғамдық бірлестіктің төрайымы Богнат Любовь Ивановна сөз сөйлеп, шараға қатысушыларға Белоруссияны азат етудің ұмытылмас күні туралы, сол сұрапыл соғыстың барлық ауыртпалықтары мен оның қарапайым халықтың тағдырына әсер еткен, зардаптары туралы еске салды. Ол жас ұрпаққа амандық, бастарына ашық аспан тіледі. Соғыс жылдарындағы әндер орындалды.
Еске алу кеші
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина