2024 жылдың 13 наурызында Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ертіс музейі бөлімшесінде, «Наурыз» мейрамы аясында бабалармыздан қалған мұраларамызды одан әрі түрлендіру және әдет-ғұрпымызды насихаттау мақсатында «Ұршық FEST» облыстық қолөнершілерінің байқауы өтті. Бұл байқауға облысымыздың Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен Баянауыл, Май, Аққулы және Шарбақты аудандарының ең таңдаулы ұршық иіру шеберлері қатысты. Осы байқау барысында Музейдің көрме залында байқауға қатысушылардың қолөнер туындыларынан көрме-жәрмеңке ұйымдастырылды. Байқау нәтижесінде қатысушылар алғыс хаттармен, жеңімпаздар ақшалай жүлдемен марапатталды.
«Ұршық FEST» облыстық қолөнершілерінің байқауы
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина