8 желтоқсан Екібастұз тарихи-өлкетану музейімен №3 кітапхана-коммуникациялар орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай «Жадымда қалған желтоқсан» тарихи сабағы ұйымдастырылды. Шараға академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институт колледжінің ПО-21 тобының студенттері және №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлім қызметкерлерінің қатысты. «Art Production» өнер мектебінің орындауында Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» және «Алаш аманаты» күйлері ойналды.




