Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде «Көркем бояу мен көрікті ой» атты кездесу кеш ұйымдастырылды. Қазақ қолөнерінің тарихын насихаттап, ұлттық құндылықтарды келешек ұрпаққа жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне орай Астана қаласында ұйымдастырылған 500 метрге созылған 200 құрақтан тұратын «Аламан құрақ» жобасында «КИнЭС» Қазақстан рекордтар кітабына енген болатын. Аталмыш жобаға Қазақстанның бар аймақтарынан 200 қолөнер шебер қатысқан, оның ішінде алты шебер екібастұздықтар: Балабекова Дамет Амангелдіқызы, Кошкарова Айнагүл Ермекқызы, Туслан Шарипа, Балабекова Айжан Бакриденқызы, Калабек Нұржан, Шаблина Гульзира. Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Медығат Манапов рекорд орнатқан шеберлерді құттықтап, алғыс хат табыстады. «Қамажай» вокалды ансамблі мен «Кәусар» әжелер тобының ақ жаулықты апалары кешті өз тамаша әндерімен көркейте түсті.
«Көркем бояу мен көрікті ой» кездесу кеші
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина