Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде ақын, философ, этнограф, ойшыл, тарихшы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 165 жылдығына орай «МәшһүрЖүсіп Көпеевтің қасиетінің сегіз қыры» атты тарихи сабағы өткізілді. Шараға Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шөбересі Шарапиев Абай Төлеубайұлы қатысып, арғы атасы жайлы қызықты жайттар мен оның ғажайып қасиеті жайлы әңгіме етті. Сөз соңында музей қорына «Мәшһүр Жүсіптің тылсым әлемі» атты кітабын тапсырды. «Шабыт» үйірмесі мен №25 қазақ қыздар гимназиясының оқушылары ақынның «Күн мен түн арасындағы айырмашылық», «Бес асыл», «Бала туралы», «Өлең және қара сөз ғибраты», «Бес қымбат» өлеңдерін оқыса, ақынға арнап өздері шығарған өлеңдерін ортаға салды: еңбек ардагері Қайролла Дүйсенбаев «Мәшһүр Жүсіп ата және біз», Гаухар Құрманшаравқызы «Мәшһүр атаға арнау». Кешті көркейте білген Естай атындағы балалар музыка мектебінің ұстаздары Алпыс Айбек пен Камитова Мунира «Балбырауын» мен Қорқыттың «Қоңыр» күйлерін орындады. Іс-шараға «Замандас» ардагерлер клубының өкілдері, ИнЕУ Жоғарғы Екібастұз колледжінің ДТ-123 тобының студенттері қатысты.
«МәшһүрЖүсіп Көпеевтің қасиетінің сегіз қыры» тарихи сабағы
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина