Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

20 қазан Екібастұз тарихи-өлкетану музейі Естай атындағы балалар музыка мектебімен бірлесе көрнекті композитор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, әнші, ақын, импровизатор, Қазақстан Композиторлар Одағының алғашқы мүшелерінің бірі Естай Беркімбайұлының 155-жылдығына арналған «Арқада ән тербеген Естай ақын» атты оқушылар арасында облыстық дәстүрлі әншілер байқауын ұйымдастырды. Ән додасына Павлодар мен Екібастұз қалалары және Баянауыл мен Тереңкөл аудандарының жас өнерпаздары қатысты. Жас ерекшеліктеріне байланысты «Кіші топ» (9-12 жас) - 8 бала, «Үлкен топ» (13-15 жас) - 16 үміткер қатысып, өз топтары бойынша Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орындар, ақшалай сыйлықтар мен қатысқаны үшін алғыс хаттарға ие болды. Балаларды дайындаған ұстаздары да алғыс хаттармен марапатталды. Байқау демеушілері «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы, Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты А.Иманкулов, Естай Беркімбайұлының ұрпағы, тілші Фархад Әміре.

DSC 6235DSC 5853DSC 5821