Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Еліне еңбек етіп, үлес қосуды ойлаған әр тұлға өзінше бір әлем жасап, артына мұра қалдырады. Қамар Қасымов пен қазақтың қара домбырасы егіз ұғым ретінде айтылады. Бұған себеп оның өз қолымен домбыра жасап, оның қайта жаңғыруына, ұлы тұлғалы мәдениет қайраткерлерінің ол жасаған домбырамен ел алдында асқақтата ән салып, өнер көкжиегін кеңейтуге үлес қосуы. Қамар Қасымовтың аты аталса, ол жасаған домбыралар туралы жиі айтылады. Айтатын да жөні бар, оның қолынан шыққан домбыралар иесін тауып, қазақ мәдениетінің дамуына септігін тигізгені шындық.

Бүгін, Ақсу тарихи-өлкетану музейінде бар өмірін қазақ музыка аспаптарын дамытуға арнаған және осы жолда үлкен табысқа қол жеткізген теңдессіз шебер – Қамар Қасымовтың 130 жылдығына арналған «Ғажайып ұстаның шеберлігі» атты портреттік кеші өткізілді. Осы іс-шарада қаламыздың Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің, өнер мектебінің оқушылары Қ. Қасымовтың өмірбаяны мен шығармашылығымен танысып, балалар шығармашылық үйінің “Дарын” ұлттық аспаптар ансамблінің (жетекшісі Қ. Уалиев ) орындауында Құрманғазы күйлерін тындады. Сондай-ақ, музей қорынан ұлттық аспаптар көрмесін тамашалады.

164