Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музеійінің қорынан «Көшпенділер мұрасынан сыр шертеді» атты көшпелі көрме Кенжекөл ауылының Мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Көрмеге қазақ халқының киіз үйі, орта ғасырда ата-бабаларымыздың қолданған қолданбалы ыдыс-аяқтары мен кесеқаптары және Ертіс-Баян өңірінде тіршілік ететін құстар мен аңдар әкелінді. Сондай-ақ баһадүр батырларымыздың ұстаған «Ер қаруы-бес қару» да көрмеден орын алды. Жергілікті тұрғындар мен оқушылар келіп тамашалады.
«Көшпенділер мұрасынан сыр шертеді» көрмесі
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина