Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

2023 жылғы 15 қыркүйекте «Ertis» мультимедиялық музейінде мемлекет қайраткері М.И. Есенәлиевтің 95 жылдығына орай «Саясаткер, дипломат М.И Есенәлиев» панельдік кездесуі өтті. Сондай-ақ, ұлы қайраткер, академик М.И. Есенәлиевтің ғылыми мұрасын дәріптеу мақсатында көрме ұйымдастырылды. Іс-шарада Павлодар облысының құрметті азаматы К.И. Шакиримов, облыстық ардагерлер кеңесінің хатшысы В. В. Шершнева және облыстық музейдің өлке тарихын ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Г. М. Алиева сөз сөйледі. Олар Михаил Ивановичтің өмірі мен еңбек өмірбаянын, оның елдің мәдениеті мен халықаралық қатынастарының дамуына қосқан үлесі туралы айтып берді. Тыңдаушылар ретінде музыкалық колледж студенттері қатысты.

WhatsApp Image 2023 09 15 at 15.30.57WhatsApp Image 2023 09 15 at 15.30.58 2WhatsApp Image 2023 09 15 at 15.30.59