Ақсу тарихи-өлкетану музейінде отбасы күніне орай "Бүкіл отбасы музейге бір билетпен!” атты музейдегі отбасылық демалыс өткізілді. Іс-шараға өңірге танымал көпбалалы отбасылардың қолданбалы шығармашылық шеберлері - аналар "Бастау" мемлекеттік бағдарламасының жеңімпаздары: "Ұлттық киім - ұлт ажары" ұлттық киім байқауының жеңімпазы "Көксынова Гаухар, "Көрпефест-2021" республикалық фестивалінің қатысушысы Зульдибаева Әсемгүл және тоқыма шебері Жансая Шәкірова қатысты.
Қала көшелерімен виртуалды экскурсия, "Кім күшті" викторинасы және музейге шолу экскурсиясы өткізілді. Қолөнершілер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында іс-шараның барлық қатысушыларына (көп балалы аналарға) партиялық жарналардың 20% қайтарылым қаражатынан сертификаттар табысталды.