Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде "Ашық аспан астындағы музейдің" жазғы маусымы өз жұмысын бастады. Мұнда: адмиралдық зәкірді, экскаваторлық шөмішті,өрт өшіретін құралдарды,сондай-ақ, қазақ және славян халықтарының тұрмысын жан-жақты баяндайтын басқа да көптеген қызықты тарихи жәдігерлерді көруге болады.
Ашылуға Б. Ахметов атындағы Педагогикалық колледжінің студенттері қатысты. Өлкеміздің тарихымен тереңірек танысқысы келетін қала тұрғындары мен қонақтарды дүйсенбіден жұмаға дейін 10:00-18:00 сағат аралығында Астана көшесі 129-үйде орналасқан "Ашық аспан астындағы музейді" тамашалауға шақырамыз.