"Ertis" музейінде Республика күніне және Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи - өлкетану музейінің 80 жылдығына арналған "Алтын адам-Дала империясы" көрмесі салтанатты түрде ашылды. Көрмеде 1969 жылы белгілі қазақстандық археолог Кемел Ақышевтің Есік қорғанынан ашқан, сақ мәдениетінің заттарына жататын және V-VI ғасырларға тән алтын адамның реконструкциясы ұсынылды. Салтанатты іс-шараға қызығушылық танытқан ғалымдар, өлкетанушылар, мәдениет қайраткерлері, ардагерлер мен музей ісінің қызметкерлері, тарихшылар мен қала тұрғындары қатысты. Көрмені 25 қарашаға дейін тамашалауға болады.
"Алтын адам-Дала империясы" көрмесі
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина