2022 жылдың қазан айының 13 күні сағат 12.00-де Қазақстан Республикасы ұлттық мерекесі күніне орай және Г.Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің құрылғанына 80 жыл толуына байланысты Павлодар өңірінде тұңғыш рет Алматы қаласы, Ықылас атындағы Халық музыка аспаптарының музей қорынан тарихи-өлкетану музейінің көрме залында «Көне аспаптар күмбірі» атты жылжымалы көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Көрмеде Махамбет батырдың, Ақан сері, Біржан сал бабаларымыздың ұстаған домбыраларының түпнұсқасын, сондай-ақ әйгілі жерлесіміз Қамар Қасымовтың жасаған аспаптарын тамашалай аласыздар.