2022 жылдың 3 қазанда «Ертіс» музейінде Г.Н. Потанин ат. Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің 80 жылдығына арналған «Музей жәдігерлерінің бенефисі» көрмесі ашылды. Көрмеде бұрын экспозицияға қойылмаған, музей қор қоймасында сақталған бірегей сирек кездесетін заттар ұсынылған. Тұсаукесерге музей қызметкерлері, ғалымдар, өлкетанушылар, музей ісінің ардагерлері, педколлеждың оқушылары қатысты. Келушілерге екі тілде театрландырылған экскурсия ұсынылды.
Музей жәдігерлерінің бенефисі
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина