Тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы. Қазақтың балалары әлемдік деңгейде ел мерейін асыруда. Қарапайым ауылдан шыққан талай баланың жұлдызы жанып, қабілетімен дарындылар қатарына қосылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен «2022 жыл – Балалар жылы» деп аталды.
Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің 80 жылдық мерекесіне орай «Балалар жылы» аясында «Келешектің тұтқасы білімді, өнерлі ұрпақта» тақырыбында Успен ауданының музыка мектебінің балаларымен «Әскери Даңқ» музейінде шолу экскурциясы және кездесу кеші өтті.
Кездесуге Өнер мектебінің ұстазы әнші, күйші, ақын Перизат Құрманәлі Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған аудандық жыр мүшайрасының жеңімпазы Музейдің 80 жылдығына өзінің арнау шығармасын оқыды.
Қатысушы оқушылар «Отан» туралы өздерінің арнау шығармаларын оқып, халық күйлерін орындады.
Кеш соңында музыка өнер мектебінің директоры Валентни Николеавна сөз алып, кештің әрі мағаналы, әріөсіп келе жатқан ұрпаққа тағылымды тәрбие екенін жеткізіп, арнайы шақырғанымыз үшін алғысын білдірді.