2022 жылдың 2 ақпан күні Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ж. Марданов атындағы өлкетанушылар қоғамы» мүшелерінің кезекті отырысы өтті. Іс-шараға Ертіс өңірінің танымал өлкетанушылары қатысты. Олар Павлодар облысында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы сөз қозғады.
Кездесу барысында музей басшысы Арман Алиақпаров өлкетанушыларға алғыс білдіріп, «Өлкетанушы куәлігін» табыс етті.