«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақсу қаласының суретшісі Татьяна Тишакованың «Туған өлкем - алтын қазынам» атты жылжымалы дербес көрмесі «Ertis» мультимедиялық музейінде өткізілді.
Баянауыл облысы Торайғыр көлінде Өзбекстан, Қырғызстан, Алматы, Павлодар, Астана қалаларының өнерпаздарымен ашық аспан астында пленэрдың қатысушысы. 2020 жылы оның портреті қаланың еңбек сіңірген адамдары арасында «Құрмет» тақтасына ілінсе, 2021 жылы республикалық «Рухани қазына-2021» байқауында «Қаланың Мәдениет сарайының үздік қызметкері» номинациясы бойынша «Бас жүлде» иегері атанды. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде жеке көрмесінде «Живописная лирика» және облыстық, қалалық халық қолданбалы өнерінің көрмелерінде де оның картиналары көзге ерекше көрінді.
2021 жылы Ақсу тарихи-өлкетану музейі бөлімшесінде, Екібастұз қаласындағы балалар көркемсурет мектебінде «Қалаға серуендеу» атты сурет көрмесі өтті, онда оның көрікті жерлері, қала көшелері бейнеленген суреттері қойылды, сонымен қатар ол Ақсу ауданы суретшілерінің «Қала менің тағдырым» көрмесіне қатысты.
Татьяна Тишакованың суреттері сыртқы әлемді таңғалдыруға, оның бір бөлігін сезінуге және одан өз орнын табуға шақырады. Әрбір салынған түрлі-түсті суреттерінің сиқырлы тылсым сызбалары келген көрермендердің жүрегінен орын тапқандай ерекше күйге бөлейді. Көрме 2022 жылдың 25 қаңтарынан бастап 19 ақпанға дейін жұмыс істейді.