Алғаш рет Павлодарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Ертіс өңірінің тарихи мұрасы: Қимақ қағанаты және Қазақ хандығы" туралы Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Аталмыш іс-шараға Қазақстан, Түркия, Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Германия және АҚШ-тың жетекші ғалымдары, археологтары, тарихшылары мен құрметті қонақтары қатысты.
Конференция аясында «Қимақ елінің ежелгі дәуірі» археологиялық көрмесі мен Қимақ қағанаты, Жошы Ұлысы және Қазақ хандығының мемлекеттілік ескерткіштерін зерттеу жөніндегі экспедициялар барысында қазақстандық ғалымдар тапқан бірегей құнды артефактілері ұсынылды.
Конференция Павлодар Ертіс өңіріндегі Қимақ қағанаты мен Қазақ хандығының тарихи мұрасын зерттеуге бағытталды.