Д.П. Бағаевтың Мемориалдық музей-үйінде Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген, ел сүйген Елбасы» атты фотокөрменің ашылуы өтті. Фотокөрмеде Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаяны мен қызметінің шежіресі: металлург, қоғам және партия көшбасшысының саяси көшбасшыға дейінгі жолы, сонымен қатар егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері, экономикалық және халықаралық аренадағы саяси жетістіктері мен Тәуелсіз еліміздің дамуына сіңірген еңбегі мен үлесі ұсынылған.
Музей қорынан келушілердің назарына кәсіби фотографтар Бугаев Владимир Николаевич, Бугаев Валерий Николаевич, Пархоменко Александр Васильевичтің жұмыстары ұсынылды.