2021 жылдың 22 қазанында сағат 10.00 - де «Ertis» музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Менің туған өлкем» тақырыбында облыс өлкетанушылары форумы ұйымдастырылды.
Форумда өлкетанушылардың ғылыми - насихат және мәдени - ағарту жұмысы мен Павлодар өңірінің өлкетану саласындағы ғылыми зерттеу, зерделеу мәселелері қарастырылды. Форумның жұмысы келесі бағытта жүргізілді: Өлкетанушыларды бірлестіру: тарихи, географиялық, әдеби және т.б., Павлодар Ертіс өңірінде өлкетану жұмысын насихаттау, Павлодар облысының тарихы мен мәдениетін сақтауда музейлердің, ғылыми және білім беру мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың рөлі.
Форумға өлкетанушылар, ғалымдар, тарихи - мәдени және ағарту мекемелерінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, музейтанушылар шақырылды.