Шарбақты музейінде «Сыбайлас жемқорлық деген не?» шарасы өтті. Оған гимназиялық сыныптары бар ЖОББМ-нің 7-сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның қонақтары аудандық мәслихат депутаты А.Абылкирова, «Шарбақты елім-ардақты жерім» қоғамдық қорының басшысы Э.Мовлян, «Мила» ҚБ басшысы Л.Сидоренко, «Жастар толқыны» жастар қоғамдық бірлестігінің басшысы С.Амренов болды.
Іс-шара конкурс түрінде өтті, балалар сыбайлас жемқорлық сөзінің ұғымдарын, сыбайлас жемқорлықтың себептерін білді, жасырын сөздерді ашып, берілген сөздерден шараның тақырыбымен байланысты мақал-мәтелдер құрастырды. Соңында Ажар Бегендікқызы балаларға тәтті сыйлықтар табыс етті.