Рухани келісім және мешіттің 20 жылдығы
Жер бетіндегі барлық діндер бейбітшілік, рақымдылық, әділдік сияқты жоғарғы құндылықтарға негізделген. Солардың ішінде, ең соңғы кемеліне келген әрі мейірім мен рақымдылықты ту еткен дін – Ислам діні.
Қазақтың ұлы ақыны Абай – рухани сауатын жоғары деңгейге жеткізген тұлға. Абай сөзінің қара сөздерінде негізінен ақиқат турасында өзінің біліп түйгендерін халыққа жеткізуге асыққан. «Құранның іші толған игілік іс» деп ақын Ислам дінінің құндылықтарына, ондағы терең тәрбиеге бас иген. Әрі мұның қазаққа қажеттілігін жақсы түсінген. Ислам діні – адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тиюды, адамзатқа игілік пен адалдық жолында күресуді мұсылмандық борыш санайды.
Ақсу тарихи-өлкетану музейінде рухани келісім және мешіттің 20 жылдығына орай «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» атты кездсу өткізілді. Іс-шараға Ақсу кентінің мешіт имамы Жомарт Семсерханұлы, Ақсу қаласының наиб имамы Мұхамедьяров Асхат Қизатұлы, қаламыздың Құрметті азаматтары Нұр Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Р.Сламбекова, «Қазақ тілі» қоғамының мүшесі С.Қондыкерова, «Ақсу жолы» газетінің тілшісі Ш. Жүнісқали, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Д. Тұрсын, Жаяу Мұса атындағы және қара металлургия колледжінің студенттері қатысты.
Іс-шарада "Тәуба", "Өмір туралы жеті ақиқат" бейнефильмі, қала мешіті туралы фотослайд көрсетілді. Студенттер қонақтарға "мұсылман қыздарына хиджаб киюге бола ма?", "қаладағы діни секталар туралы" және т. б. сұрақтар қойып сұхбат, пікірталасқа шақырды.
День духовного согласия
В нашей республике много праздников, которые связаны с единством народов, живущих в стране. Один из них – это День духовного согласия. День духовного согласия – это день моратория на конфликты и столкновения, день поиска примирения, день милосердия и помощи ближнему.Начало этой традиции положила Первая сессия Всемирного Конгресса Духовного Согласия, проходившая в октябре 1992 года в тогдашней столице Казахстана Алма-Ате.
Впервые в истории человечества за одним столом собрались представители всех религий, духовных общественных организаций, известные ученые и деятели культуры, которых волнуют проблемы духовности. И с тех пор 18 октября в Казахстане отмечается День духовного согласия. Это день единений и всепрощения, милосердия и взаимопонимания. Этот день важен для всех казахстанцев. В Аксуском историко-краеведческом музее провели встречу «Дін – тәрбиенің рухани тірегі», посвященную дню духовного согласия и 20-летия мечети. На данное меропряитие были приглашены наиб имам А. Мұхамедьяров, имам мечети п. Аксу Ж. Семсерханулы. Почетные граждане города: председатель общества «Нұр Ана әлемі» Р. Сламбекова, член общества «Қазақ тілі» С. Кондыкерова и корреспондент Ш. Жунускали, главный специалист отдела внутренней политики Д. Турсын, студенты колледжей Жаяу Мусы и черной металлургии. На мероприятии были показаны видеофильм «Тәуба», «Семь истин о жизни», фотослайд о мечети города. В дружественной обстановке говорили о религиозном и семейном воспитании, студенты задавали интересующие их вопросы «можно ли носить мусульманским девушкам хиджаб», «о религиозных сектах, существующих в городе» и др.