Неміс ғалымы, Берлин FA-ның мүшесі және Санкт-Петербург ғылым академиясының құрметті мүшесі, ғалым, саяхатшы Александр Гумбольдт 1829 жылы Қазақ даласын аралады. Өскемен мен Бұқтырмада, Ертіс жағалауында, Семейде, Петропавлда, Оралда, қыр өлкесінің «астаналары» Омбы мен Орынборда, Каспий теңізі мен Эльтон көлінде болды. Гумбольд қазақтар туралы жарық көрген еңбектерді қадағалап отырды. Өмірінің соңғы күндеріне дейін ғалым Қазақ даласы жөніндегі зерттеулерін тоқтатпады. 19 ғасырдың 50-60 жылдарында Гумбольд еңбектерімен Шоқан Уәлиханов жақсы таныс болды. 2019 жылдың 12 қыркүйегінде Ақсу тарихи-өлкетану музейінде «Александр Гумбольдт – ғалым, саяхатшы» атты тарихи сағат өтті. Оған №1 және №2 мектептердің ұстаздары мен оқушылары қатысты. Шара барысында ғалымның өмірбаяны мен қызметі, саяхат жасаған жерлері жайлы ақпарат беріліп, слайд көрсетілді, сонымен қатар, келушілер мұражай ішін аралап, атақты фотограф-өлкетанушы, өлкетану музейінің негізін қалаған Д.П.Багаевтің жылжымалы көрмесімен таныс болды.
Немецкий ученый, член Берлина АН (1800), почетный член Санкт-Петербургской академии наук, ученый, путешественник Александр Гумбольдт в 1829 г. посетил казахскую степь. В Усть-Каменогорске, на берегу Иртыша, Семее, Петропавловске, Уральске, «столицы» Крымского края побывал в Омске и Оренбурге, Каспийском море и на озере Эльтон. Особое внимание уделялось определению химического состава воды Каспийского моря, его рыбному и животному миру. Данные экспедиции по микро-биологии, зоологии, геологии о Каспийском море стали ценным вкладом в науку — озероведению. До последних дней жизни ученый не прекращал исследования по казахской степи. В 50-60-е годы 19 века Шокан Уалиханов был хорошо знаком с трудами Гумбольдта. 12 сентября 2019 года в Аксуском историко-краеведческом музее состоялся исторический час «Александр Гумбольдт – ученый, путешественник». На данном мероприятии приняли участие учителя и учащиеся СШ №1 и №2. В ходе мероприятия была представлена информация о местах путешествий, показаны слайды о биографии и деятельности ученого. По окончании исторического часа, провели экскурсию по музею, а также, ознакомились с передвижной выставкой известного фотографа-краеведа, основателя краеведческого музея Д. П. Багаева.