Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Әлкей Хаканұлы Марғұлан 1904 жыл Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Қазақтың археология және этнография мектебінің негізін қалаушы, шығыстынушы, әдебиеттанушы, өнертанушы, тарихшы ғалым, академик Әлкей Марғұланның қазақ ғылымының дамуына қосқан үлесі ұшан-теңіз. Халқымыздың тарихын, мәдениетін жалықпай зерттеген кемеңгерлердің ең көрнектілерінің бірі.

2019 жылдың 11 маусымы күні Ақсу тарихи-өлкетану музейінде Ә. Марғұланның 115 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті. Оған №1 және №7 мектеп оқушылары қатысып, Әлкей Марғұланның өмірбаяны мен шығармашылық жолы жайлы слайд пен видео тамашалады. Шара барысында викторина өткізіліп, оқушылар қазақ зиялыларының ұлы тұлға туралы жазған жазбаларын оқыды. Сондай-ақ, Екібастұз қаласының тарихи-өлкетану музейінің қорынан алынған Әлкей Марғұланның жеке заттары мен құжаттары көрсетілді.

Алькей Хаканович Маргулан - казахский учёный-археолог, востоковед, историк, литературовед, искусствовед. Родился в 1904 году в ауле на территории современного Экибастузского района Павлодарской области вблизи села Коктобе. Алькей Маргулан организовал знаменитую Центрально-Казахстанскую археологическую экспедицию 1946-1974 годов. Ему принадлежат открытие и обоснование Бегазы-Дандыбаевской культуры эпохи поздней бронзы -крупнейшего очага цивилизации в Центральном Казахстане.

11 июня 2019 года в Аксуском историко-краеведческом музее к 115-летию Алькей Маргулана прошел круглый стол. В качестве гостей были приглашены учащиеся СШ №1 и №7, они были ознакомлены с биографией и творческой деятельностью ученого, были показаны фото и видео слайды. В ходе мероприятия была проведена викторина и дети читали высказывания знаменитых личностей об ученом. Так же была оформленна выставка личных вещей и документов Алькей Маргулана, которые были переданы из фондов Экибастузского историко-краеведческого музея.

 

SAM 5728сжSAM 5752сжSAM 5753сж