№25 қазақ мектебінің 9-сынып оқушыларына арналған 14-наурыз «Көрісу күніне және Наурыз мерекесіне» арналған танымдық сағаты өтті. Аталмыш шарада бүгінгі «Амал» күніне орай «Үлкенге құрмет-кішіге ізет» көрсету туралы толыққанды мағұлматтар берілді. Сонымен қатар киіз үйдің жасалу жолдары мен құрылуы туралы айтылды. Ұлттық салт-дәстүрлерімізбен, ұлттық ойындарымыз барысында оқушылармен сұрақ-жауап ретінде сұхбат алмастық.
Оқушылар «Наурыз» көженің неден жасалатыны туралы және дастарханға қандай ұлттық тағамдар қойылатыны жайлы айтып берді. Соның ішінде жылқы малының сүтінің денсаулыққа пайдалы екеініне аса назар аударды. Оқушылар «Наурыз» мерекесіне арналған өлең жолдарын тарту етті. Кеш соңында өздерінің алғыс тілектерін білдірді.