2017 жылдың 29 маусым күні сағ. 15.00-де Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Қиындықты жеңу» атты көрменің ашылуы болды. Көрменің ашылу салтанатына Ақ мешіт мешітінің имамы Асхат Қажымұратұлы, Благовещен кафедралді соборы діни қызметшісі Артемий Жданов, тарихшы-өлкетанушы Б.М. Хазыров, мұрағатшылар В.Д. Болтина, Л.В. Шевелева және Павлодар заң колледжінің студенттері қатысты.