Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Екібастұз тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері №21 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушыларына театр сыншысы, театртанушы ғалым Бағыбек Құндақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Бағыбек Құндақбаев: ғасырлық ғұмыр» танымдық музейлік сабағын өткізді.

Сабақ барысында қазақ театртану ғылымының негізін қалаушылардың бірі, өнертану докторы, профессор Бағыбек Құндақбаевтың өмірі мен шығармашылық жолы кеңінен таныстырылды. Оқушылар ғалымның «Режиссер және уақыт», «Уақыт және театр», «Заман және театр өнері» атты іргелі зерттеу еңбектерімен танысып, оның қазақ театр өнерінің тарихы мен теориясын зерттеуге, ұлттық сахна мәдениетінің қалыптасуы мен дамуын зерделеуге қосқан зор үлесі туралы мағлұмат алды.

Музейлік сабақтың негізгі мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық театр өнерінің тарихын таныту, көрнекті тұлғалардың мұрасын насихаттау, оқушылардың өнер мен мәдениетке деген қызығушылығын арттыру.