Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде «Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында №7 мектеп-гимназия оқушылары мен еңбек ардагерлеріне «Тәртіп пен заңның сабақтастығы» атты музейлік сабақ өткізілді.

Кездесу барысында Екібастұз қаласының полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ювенальды полиция тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты О.С. Костюкевич, полиция лейтенанты Б.К. Дюсенов пен Екібастұз қаласының Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Д.С. Бейсембаев балаларға кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік, буллингтің алдын алу, Интернеттегі қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті сақтау туралы айтып берді.

Құқықтық сауаттылық, жеке қауіпсіздік және өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу ашық диалог форматында өтті: оқушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, құзыретті жауаптар алды.