Шарбақты тарихи-өлкетану музейінің қызметкері №2 негізгі жалпы білім беру мектебінің 6 «Б» сынып оқушылары үшін «Путешествие по родному краю» атты танымдық ойын өткізді.
Ойын барысында оқушылар тақырыптық тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ QR-кодтарды қолдана отырып, өз өлкесінің тарихы, табиғаты және көрікті жерлері туралы қызықты деректермен танысты.


