Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Ақсу тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Ы. Алтынсарин атындағы мектептің 6 «А» сынып оқушыларына «Бір экспонат тарихы» айдары аясында «Шинель» тақырыбында дәріс өткізді.

Оқушылар шинельдің пайда болу тарихымен, оның мақсатымен және бұрынғы заманда қолданылу ерекшеліктерімен танысты. Дәріс барысында оқушылар бұл киім түрінің маңыздылығы, тарихи рөлі және сарбаздардың күнделікті өміріндегі орны туралы мәлімет алды.

Іс-шара танымдық сипатта өтіп, оқушылардың қызығушылығын тудырды. Сонымен қатар олардың тарих пен өткен дәуірлерге қатысты музейлік жәдігерлер туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.