Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде Халықаралық толеранттылық күніне орай №12 мектептің 7-сынып оқушыларына «Түсіністік пен келісім – бейбітшілік негізі» тақырыбында сенім сабағы өткізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға толеранттылық ұғымы, оның маңызы, әр адамның жеке тұлға ретіндегі ерекшеліктерін, көзқарасы мен пікірін құрметтеу, сондай-ақ өзге халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерін сыйлау туралы ақпарат берілді. Оқушылармен тақырыптық сұрақтар талқыланып, өмірлік жағдаяттар талданды.

Сабақ әр адамды құрметтеуге, өзара түсіністікке, сыйластық пен мейірімділікке тәрбиелеуге бағытталды.